Рауза Нұрмағанбетова қазақ күресінен Әлем чемпионы атанды

Қазақ күресінен Рауза Нұрмағанбетова жеңіске жетті.

Рауза Нұрмағанбетова қазақ күресінен Әлем чемпионы атанды
сурет ашық дереккөзден алынды
80

Үндістан астанасында өтіп жатқан додада отандасымыз Рауза Нұрмағанбетова жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

«56 кг салмақта күресіп, жеңіске жеттім. Төрт белдесу өткіздім. Барлығы өте жоғары әрі жақсы деңгейде өтті. Барлықтарыңызға рахмет», - деді Әлем чемпионы.

Рауза Нұрмағанбетова бұған дейін жарақат алып, жарыстарға қатыса алмай қалғанын айтты.

«Жылдың басында жарақат алып қалдым. Қазір барлығы жақсы. Енді, бұйырса біріншілікте күресіп жарыста жеңімпаз атану жоспарда бар. Көңіл-күйім керемет», - деді Рауза Нұрмағанбетова.

Серіктес жаңалықтары