177
Боксшы Жәнібек Әлімханұлының ұлдары қай елде оқып жүргені белгілі болды
Жәнібек Әлімханұлы сұхбат берді.

Қазақстандық атақты боксшы Жәнібек Әлімханұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналист боксшыға қазіргі таңда ұлдарының қай елде білім алып жатқаны және отбасының қайда тұрақтағаны жайлы сұрақ қойды.
«Бала-шағам Қазақстанда оқиды. Ешқандай шетелде оқыту ойым жоқ. Тек қана қазақылық, қазақы нақыш пен дәстүрде оқытып жатырмыз. Болашақта бокс жоқ дегенде өз-өздерін қорғауға қажет болады деп ойлаймын», - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы болашақта салмақ дәрежесін өзгертіп, қалайда "Канелломен" рингке шығатыны жайлы айтты.