88
Алматыда заң бұзған 37 шетел азаматы елден шығарылды
Олар – Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары.

Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 37 заңсыз мигрант елден шығарылды.
Олар – Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары.
Полиция қызметкерлері оларды «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
«Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 28 шетелдік ҚР-дан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 2 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 89 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 10 жұмыс беруші жауапқа тартылды», – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.