«Жүксалғышқа салған»: Шымкентте адам ұрламақ болғандар ұсталды (ВИДЕО)

Оқиғаны көшеде өтіп бара жатқан адамдар камераға түсіріп алған.

«Жүксалғышқа салған»: Шымкентте адам ұрламақ болғандар ұсталды (ВИДЕО)
скриншот
155

Шымкентте ер кісіні көлікке күштеп салып алып кетпек болған бір топ адамның әрекеті видеоға түсіп қалған.

Видеодан 3 ер адамның бір жігітті ұрып, көліктің жүксалғышына салғанын көруге болады. Айналада жүрген адамдар араша түскенімен күдіктілер көлігімен кетіп қалған.

Оқиғаны көшеде өтіп бара жатқан адамдар камераға түсіріп алған.

Шымкент қаласы полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. 

«Әлеуметтік желіде азаматқа қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты оқиғаның бейнежазбасы тарады. Полиция қызметкерлерімен оқиға қатысушыларының жеке басы анықталып, көлік құралы табылды. Екі күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиға бойынша қажетті процессуалдық жұмыстар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ведомства ақпаратында. 

Серіктес жаңалықтары