Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан экспедитор-жүргізуші ұсталды

/
Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан экспедитор-жүргізуші ұсталды
Заңсыз айналымнан бір келіден астам марихуана тәркіленді.

Ақпан айында қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау есірткі сатумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері негізгі жұмысына қоса өсімдік тектес есірткі заттарын сататын жиһаз салонының экспедитор-жүргізушісін ұстады.

Полицейлер оның автокөлігінен, жұмыс орнынан және тұрғылықты мекенжайынан марихуана оралған бірнеше орам тапты. Жалпы алғанда заңсыз айналымнан бір келіден астам марихуана тәркіленді.

Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, әрі тергеу мен жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары