Фитозертханада есірткі өсірген Қызылорда тұрғыны ұсталды
Прокуратура фитозертхана мен аса ірі мөлшерде кептірілген марихуананы анықтады.

Сырдария ауданында жергілікті тұрғын сора тұқымдас өсімдігін көп мөлшерде заңсыз егіп, өсірген деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдіктінің тұрғылықты үйіне тінту жүргізу кезінде ыдыстарға отырғызылған 78 түп қарасора, есірткі затын өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ екі дана пластикалық ыдысқа салынған кептірілген марихуана тәркіленді. Жалпы 2,7 кг кептірілген марихуана және 13 кг қарасора өсімдігі анықталды.
Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен және 300-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сырдария ауданының прокуратурасы азаматтарды мұндай фактілер анықталған жағдайда өз азаматтық борышы ретінде дереу 102 нөмеріне хабарласуға шақырады.