21
Күн сайын 1 апельсин жеу депрессия қаупін 20%-ға төмендетеді – Гарвард ғалымдары
Олар 1989 жылы басталған Nurses' Health Study II (NHS2) деректерін пайдаланып, цитрусты жиі тұтынатын медбикелердің болашақта депрессияға ұшырау ықтималдығы төмен екенін анықтады.

Гарвард университетінің зерттеушілері 100 мың адамның бірнеше ондаған жыл ішіндегі деректерін талдап, күнделікті апельсин тұтыну депрессия қаупін 20%-ға азайтатынын анықтады.
Ғалымдардың айтуынша, цитрусты жемістер ішек микрофлорасындағы Faecalibacterium prausnitzii бактериясының өсімін ынталандырады. Бұл бактерия серотонин мен дофамин – бақыт гормондарының өндірісін күшейтіп, көңіл-күйді жақсартады.
Зерттеу Microbiome журналында жарияланды. Ғалымдарға бұл идея 2016 жылғы бір ғылыми мақаланы талдаған кезде келген.
Олар 1989 жылы басталған Nurses' Health Study II (NHS2) деректерін пайдаланып, цитрусты жиі тұтынатын медбикелердің болашақта депрессияға ұшырау ықтималдығы төмен екенін анықтады.