Сот кәсіпкерден 50 млн теңге алимент өндірді
Ол 2010 жылдан бері алимент төлемеген.

Ақтау қаласының тұрғыны 2010 жылдан бастап ұлы кәмелеттік жасқа толғанға дейін алимент төлеуі керек болған, бірақ ол төлемеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
2023 жылы жеке сот орындаушысы (ЖСО) оның алимент бойынша қарызын 50 млн теңге деп бағалаған.
Сот орындаушылары борышкер 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер бола отырып (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана отырып) өзінің кірісін жасырып, алимент төлемей, сол арқылы ұлының құқығын бұзғанын анықтады.
Салық органдарының декларацияларына сәйкес, 2010 жылдың 2-тоқсаны мен 2016 жылдың 2 жарты жылдығы, 2020 жылдың 1-жарты жылдығы мен 2022 жылдың 2 жарты жылдығы аралығында борышкердің кірісі 200 млн теңгеден астам соманы құраған.
Борышкер ЖСО-ның қаулысымен келіспей,сотқа шағым түсірген.
Маңғыстау облысының МАӘС-ы істі қарай отырып, жеке кәсіпкердің алимент сомасын және берешегін есептеу декларацияда көрсетілген мәліметтер негізінде салық төлеуші таңдаған салық режимі негізінде жүргізілетінін атап өтті.
Сот алименттерді ата-анасының нақты табысына сәйкес есептеу керектігін көрсете отырып, алимент бойынша берешек туралы ЖСО-ның есептеулерінің дұрыстығын растады.
Борышкер өз құқығын асыра пайдаланып, бұл шешімге апелляциялық және кассациялық сот сатыларына шағым түсірген, алайда сот актісі заңды күшіне енді.