Алматыда жаппай төбелес болды

Оқиға орнынан түсірілген видео бірден әлеуметтік желіге тарап кетті

Алматыда жаппай төбелес болды
фото: видеодан скриншот
277

Алматыда адам шошырлық оқиға болды. Жоғары сынып оқушылары сауда орталықтарының бірінің фудкортында жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнынан түсірілген видео бірден әлеуметтік желіге тарап кетті. №178, 181 және 209 орта мектептердің жоғары сынып оқушылары өзара төбелескені белгілі.

Полиция қақтығысқа қатысушылардың барлығын анықтады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріліп, заң аясында шара қолданылатын болады.

«Сонымен қатар, қылмысқа қатысушылардың ата-аналары балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер оқитын жалпы білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жіберілді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы мектептің ішкі реестріне тіркелді», - делінген ДП баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жанжалға қаланың балалар омбудсмені де түсініктеме берді. Диана Ерланның айтуынша, қорғауға құқығы бар куәгерлердің заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік хаттамалары жасалған.

«Мен прокуратураға кәмелетке толмағандардың арнайы білім беру мекемесіне орналастырылуын құқықтық бағалауға қатысты сұрау салдым. Бүгін прокуратура құқықтық баға беріп, балаларды арнайы мекемеге орналастыру туралы қаулының күшін жойды», - деп жазды ол.

Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша әрбір сотталушыға қатысты материалдар Алатау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатыны белгілі.

Серіктес жаңалықтары