Шығыс Қазақстанда ер жігіт анасын құтқарып, қаза тапты

Үйде анасы, қызы мен ұлы болған.

Шығыс Қазақстанда ер жігіт анасын құтқарып, қаза тапты
Автор
Админ
170

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Степное ауылында өрт болып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Біздің ауылдың тұрғыны Айман Жылқаштың үйі өртеніп кетті. Өрттен оның бауыры Қайнар қаза тапты. Бауыры анасын құтқармақ болған. Баспанасыз қалған отбасына көмек керек», - деді Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов.

Аудан әкімі оқиға орнына барған. Жақын арада көмек көрсетпек.

«Әкімдік көмек көрсетеді. Жанашыр жандардың да көмегіне жүгінеміз. Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлердің қалыс қалмауын сұраймыз», - деді әкім.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары