126
Өскеменде көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

25 ақпанда Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан, Спорт сарайының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция ақпаратты растады.
«Марқұмның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған», - деді ШҚО Полиция департаменті.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.