Павлодарда ағашты заңсыз кескендер ұсталды

Экологияға келген шығын 1,3 миллион теңгеден асқан.

Павлодарда ағашты заңсыз кескендер ұсталды
freepik.com
Автор
Админ
222

Аққулы ауданы Ертіс өзенінің маңайында ағашты заңсыз кескен адамдар ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұсталғандардың бірі Павлодар облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері болып шықты.

Қылмыстық кодекстің 340-бабы 3-бөлігі және 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында полиция қызметкерлері ұрланған ағаштар мен қылмыс құралдарын тәркіледі.

Экологияға келтірілген шығын 1,3 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары