Пойыз рельстен шығып кеткені үшін компанияға 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Пойыз рельстен шығып кеткені үшін компанияға 1,4 млн теңге айыппұл салынды
istockphoto.com
Автор
Админ
173

2024 жылы «Арыс-Түлкібас» кешенді қисық учаскесінің Түлкібас-Арыс темір жол учаскесінде жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекторы әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада оқиғаға «Орал вагон жөндеу кәсіпорны» АҚ (ОВЖК) жасаған вагондарды деполық жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуі себеп болғанын көрсеткен. Бұл жылжымалы құрамның қалпына келтірілмейтін күйге келтірілуіне әкеліп соққан. Инспектор соттан ОВЖК-ны әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұраған.

Түркістан облысы Түлкібас аудандық соты ОВЖК-ға қатысты үш әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын зерделей келе, тергеу барысында 8 жүк вагонының рельстен шығып кетуіне техникалық себеп ОВЖК платформасын сапасыз депо жөндеуден өткізгені анықталғанын көрсетті.

ОВЖК-ның жылжымалы құрамды, сондай-ақ темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдарды күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны расталды.

Сот жоғарыда аталғандарды ескере отырып, АҚ-ны ӘҚБтК-нің 559-бабының 6, 7, 8-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп таныды. ОВЖК-ға 1,4 млн теңге айыппұл түріндегі әкімшілік айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары