«Трамадолды» рецептісіз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – ІІМ
Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді.

Ішкі істер министрлігі «трамадолды» дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды.
Құрметті азаматтар! Ішкі істер министрлігі «заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуді жалғастыруда. Дәріханалық нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында 2023 жылы «трамадол» психотроптық заты есірткі заттарының тізіміне енгізілді. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін «трамадол» ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылды. Қазіргі уақытта ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.
Медицинада қолданылатын есірткі және психотроптық заттарды рецептісіз сату деректеріне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден астам таблетка тәркіленді.
Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз.