Семейде 10 жастағы қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Семейде 10 жастағы қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті
istockphoto.com
109

Семейде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жастағы қызды көлік қағып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады "Объектив Восток" басылымы.

Полицияның мәліметінше, 29 жастағы Toyota жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, мектеп оқушысын қаққан. Оқиға Zeta дүкенінің маңында болған.

“Жүргізуші жолдың қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, жаяу жүргіншілер өткелінде келе жатқан 10 жастағы қызды қағып кеткен. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары