326
Ақтөбеде мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған
Елді мекенде әлі де қалың қар түсуі мүмкін

Ақтөбе облысындағы жолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты мыңға жуық көлік қар құрсауында қалған, деп хабарлады 24KZ.
Аймақта үшінші күн қатарынан соққан ақтүтек боран шыдас бермей тұр. Жол бойында қатар тізілген көліктерді полиция қызметкерлері жетегіне алып, діттеген жеріне жеткізді.
Елді мекенде әлі де қалың қар түсуі мүмкін. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетпек.
Қазгидромет орталығының мәліметінше, өңірде ақпан айының соңына дейін қар жауып, боран соғады.