310
Павлодарда жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйінде табылды
Еріктілер ер адамның денесі табылған жағдай туралы нақты ақпарат бермеді

Павлодарда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 52 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады.
Еріктілер ер адамның денесі табылған жағдай туралы нақты ақпарат бермеді. Белгілі болғандай, 1972 жылы туған Нұрмағамбетов Асулан Хамитович 21 ақпанда ақ түсті Toyota Camry 50 автокөлігімен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Ол қара-көк түсті күртеше, қара джинсы және сұр бас киім киген болатын.