281
38 жастағы ақтөбелік әйел пышақ жарақатынан көз жұмды
Ақтөбе қалалық полиция басқармасы адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

Ақтөбеде 19 ақпанда жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген әйел денесіндегі пышақ жарақаттарынан көз жұмды.
«Диапазон» сайтының хабарлауынша, Денсаулық сақтау басқармасы науқасқа шұғыл түрде ота жасалғанын мәлімдеген. Алайда ол 20 ақпанда жарақаттардың салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу аясында басқа мәліметтер жарияланбайды.