Боран, көктайғақ, жаңбыр: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ертең ауа райы қандай болады?

Қазақстанның бірнеше өңірінде 23 ақпанға қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында да 23 ақпанда тұман түсіп, түнде көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында түнде қар жауып, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында қатты қаркүтіледі. Күндіз солтүстігінде және шығысында қар жауады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда боран соғады, ал түнде оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Ақтөбе қаласында да қар жауады, түнде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар жауады, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде солтүстік пен шығыста 15-20 м/сдейін жетуі мүмкін. Орал қаласында қар жауып, боран соғады деп болжануда.
Алматы облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел күшейіп, облыстың шығысында күндіз 17-22 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстігінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы батыста, солтүстікте және шығыста 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай қаласында таңертең және күндіз қар, боран, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.
Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын соғады. Батысы мен солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы оңтүстік-шығысында 15-18 м/с болады.Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аймақтарында 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында күндіз жаңбыр және қар жауады, солтүстігінде аз мөлшерде жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде батысында 15-18 м/с жетуі мүмкін.
Қарағанды қаласында күндіз аздаған жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында түнде қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз солтүстігі мен орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында аздаған жаңбыр, қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батысы, солтүстігі және орталығында тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде батысында, солтүстігінде және шығысында 15-18 м/с жетуі мүмкін. Жезқазған қаласындатүнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында да жолдарда көктайғақ болады деп болжануда.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз солтүстігінде және батысында 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде 15-20 м/с дейін күшейеді. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.