«Өзім нүктесін қояйын»: Алмас Кішкенбаев қамауға алынуы туралы пікір білдірді
Әнші өзін қолдаған барша жанға алғыс айтып, кейбір адамдардың бұл жағдайды өз пайдасына пайдалануға тырысқанын атап өтті

Танымал қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шыққаннан кейін алғаш рет өз жағдайына қатысты пікір білдірді.
Әнші өзін қолдаған барша жанға алғыс айтып, кейбір адамдардың бұл жағдайды өз пайдасына пайдалануға тырысқанын атап өтті. Сондай-ақ сот шешіміне қарамастан, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.
Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтинг жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Бәрі құдайға шүкір аяқталды. Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым осы. Аман болыңыздар, – деді Алмас Кішкенбаев желідегі парақшасында.