Шығыс Қазақстанда 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды (ВИДЕО)

Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталды.

Шығыс Қазақстанда 20 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды (ВИДЕО)
Polisia.kz
221

20 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Полицияның ақпаратынша, 2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемендегі үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді. Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталды. Сол кезде қылмыстық іс қозғалғанымен, айғақтардың жойылуы мен қылмыскердің ізін суытуы тергеу барысын күрделендірді.

Алайда қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі ұмытқан жоқ. Жедел уәкілдер материалдарды қайта қарап, деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін кезең-кезеңімен қалпына келтірді. 2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жанданып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды.

18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда. 

Серіктес жаңалықтары