Қазақстанда қала мәртебесі 90 елді мекен бар, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қалаларға қатысты мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Жалпы облыстық маңызы бар қалалар саны - 39, аудандық маңызы барлар - 38, Республикалық маңызы бар қала - 3.
Өңірлік бөліністе қалалардың ең көп саны Ақмола облысында – 11 бірлік, сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 8 бірліктен.
2025 жылғы 1 қаңтарға аумақтық бірліктер қатарында 195 аудан, 29 кент, 2160 ауылдық округ және 6 179 ауыл бар.