Павлодарда мектеп күзетшісі 6-сынып оқушысын ұрған
19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйде 6-сынып оқушысының кеуде тұсынан ұрған көрінеді.

Павлодарда мектеп күзетшісі алтыншы сынып оқушысын ұрды деген күдікке ілінді. Ер адам мас күйде болған.
Ведомствоның мәліметінше, 19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйде 6-сынып оқушысының кеуде тұсынан ұрған көрінеді. Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті.
Павлодардағы мектептердің бірінде баланың денесіне зақым келтіру фактісі бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен қатар оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтыру мекемесіне орналастырылды. Ол қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ полиция күзетшінің жұмыс орнында осындай күйде болуына жол берген мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы облыстық білім басқармасына ұсыныс жіберген.