Павлодарда өртенген үйден 12 адам құтқарылды

Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.

Павлодарда өртенген үйден 12 адам құтқарылды
ТЖМ
246

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 1986 жылы туған ер адамның түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.

— Павлодар қаласының өрт сөндірушілері Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізді. Біздің мамандар барлығы 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 1986 жылы туған ттұрғын түтіннен уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен.

Пәтердегі өрт шарпыған жердің жалпы аумағы — 15 шаршы метр.

Серіктес жаңалықтары