Семейде ер адам былтырғы жылдың мамыр айында ұлын университетке түсіру үшін таныс әйел адамға 2,5 млн теңге берген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда ұлы жоғары оқу орнына түсе алмай қалған. Ақшаны алған әйел ақшаны сол күйі ақшаны қайтармаған. Ақша берген азамат полицияға жүгінген.
«Тергеу барысында күдіктінің кім екені анықталды. Ол 55 жастағы Семей тұрғыны болып шықты. Әйел өз кінәсін мойындаған. Бірақ ақшаны жұмсап жіберген», - деді Абай облысының Полиция департаменті.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.