236
Астанадағы театрда өрт шықты
20 шаршы метр аумақты шарпыған жалын сөндірілді, қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.

Астана қаласындағы музыкалық жас көрермендер театры өртке оранды, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтеншеліктер түтін басқан ғимараттан 3 адамды құтқарды. Уланып қалған үшеу дәрігердің көмегіне жүгінді.
Өрт Жақып Омаров көшесінде орналасқан Музыкалық жас көрермен театрының жертөлесінде шыққан.
20 шаршы метр аумақты шарпыған жалын сөндірілді, қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.