321
Доллар бағасы 509 теңгеге дейін өсіп кетті
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 497,89 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 503,61 теңгені құрады. Осылайша 5,21 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 497,89 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 508,4 теңгеден, ал Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 509,48 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, 17 ақпанда доллар бағасы 2,71 теңгеге көтеріліп, 18 ақпанда 0,68 теңгеге түскен болатын.