Үш жыл бойы алимент төлемеген әке сотталды

Оның қарызы 2,3 млн теңгеден асып кеткен.

Үш жыл бойы алимент төлемеген әке сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
193

Қарағанды облысының Шет ауданының прокуратурасы үш жыл бойы алимент төлеуден қасақана жалтарған азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үш жыл ішінде оның алимент бойынша қарызы 2,3 млн теңгеден асып кеткен.

Сот борышкерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Кәмететке толмағандардың құқықтарын қорғау аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары