Ақмола облысында автобус жүргізушісі 10 жастағы оқушыны қағып кетті

19 ақпанда Қараөткелдегі IT-мектептің аумағында мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған қыз баланы басып кеткен.

Ақмола облысында автобус жүргізушісі 10 жастағы оқушыны қағып кетті
istockphoto.com
256

Ақмола облысы Қараөткел ауылында жасөспірім қызды мектеп автобусы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, 19 ақпанда Қараөткелдегі IT-мектептің аумағында мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған қыз баланы басып кеткен.

Ақмола облыстық полиция департаментіндегілер телернаға зардап шеккен жасөспірім оқиға орнында қаза болғанын мәлім еткен. Аталған факт бойынша полиция тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары