«100 томнан асады»: Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың ақпарат айтылды

Жеңіс Елемесовтың айтуынша, сот күдіктінің қамауға алу мерзімін ұзартты, қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-шы (алаяқтық) және 218-ші (ақшаны жылыстату) баптары бойынша іс қозғалған.

«100 томнан асады»: Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың ақпарат айтылды
instagram
346

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісінде жаңа эпизод тіркелгенін айтты

Жеңіс Елемесовтің айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын, наурыз айының басында тергеу жұмыстарының аяқталғаны және танысу кезеңі басталғаны туралы хабарланатын болады. 

«Қылмыстық іс материалдарында заттай айғақтарды есептемегенде 100-ден астам том бар. Сондықтан бәрі қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты болады», - деді Елемесов.

Жеңіс Елемесовтың айтуынша, сот күдіктінің қамауға алу мерзімін ұзартты, қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-шы (алаяқтық) және 218-ші (ақшаны жылыстату) баптары бойынша іс қозғалған.

«Бірнеше эпизод тергеліп жатыр. Біз оның Палестинадағы оқиғаларға байланысты қайырымдылық ретінде жинаған ақшасы, сондай-ақ су тасқынының салдары бойынша жинаған ақшасы туралы бұған дейін ақпарат бергенбіз.

Қаңтардың соңында біз жаңа эпизодты тіркедік – онда ол мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығын құру үшін қайырымдылық ұйымдастырып, 22 млн теңгеге жуық қаражат жинаған, оны өз қажеттілігіне жұмсаған. Біз осы эпизодтар бойынша барлық соманы қостық: оған пәтер, үй, көлік сатып алынған – бұған дейін атауын көрсетіп ақпарат берген едік», - дейді Жеңіс Елемесов.

Серіктес жаңалықтары