Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Baq.kz
Ел бойынша тұман, көктайғақ, солтүстікте, батыста жаяу бұрқасын болып, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейеді

Қазақстан аймақтарында 19 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды.  

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің солтүстігінде, батысында қар жауады, оңтүстік-батысында жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), оңтүстігінде жаңбыр жауады. 

- Тек оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста, республиканың орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша тұман, көктайғақ, солтүстікте, батыста жаяу бұрқасын болып, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте жел күшейеді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары