Доллар бағасы тағы арзандады

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 498,75 теңге.

Доллар бағасы тағы арзандады
istockphoto.com
Автор
Админ
141

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 497,89 теңгені құрады. Осылайша 0,68 теңгеге арзандады, деп жазады turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 498,75 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 503,43 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 503,74 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 12 ақпанда доллар 4,94 теңгеге, 13 ақпанда 3,95 теңгеге, 14 ақпанда 2,67 теңгеге, 17 ақпанда 2,71 теңгеге түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары