Астанада 24 жастағы жігіттен 1 келі есірткі тәркіленді

/
Астанада 24 жастағы жігіттен 1 келі есірткі тәркіленді
Ол үлестірушіден тапсырма алып, тыйым салынған заттарды қабылдап, қала аумағында таратумен айналысқан.

Елордада синтетикалық есірткі сатумен айналысты деген күдікпен 24 жастағы тұрғын ұсталды6 деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қала аумағында жасырын түрде тыйым салынған заттарды таратуды жоспарлаған.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің заңсыз бизнеске қатысы бары анықталды. Жас жігіт өзінің интернет-дүкендердің біріне тасымалдаушы ретінде жұмысқа тұрғанын және есірткі тарату ісімен айналысқанын мойындады.

Күдікті ұсталған кезде оның жанынан чемодан тәркіленді. Жеке тексеру барысында оның ішінен ақ түсті ұнтақ зат салынған пластикалық контейнер табылды. Сараптама нәтижесі бойынша бұл меткатинон (эфедрон) есірткісі екені анықталды, жалпы салмағы 1 келіден асады.

Тергеу барысында күдіктінің есірткі тарату ісін интернет-дүкендердің бірінің нұсқауымен жүзеге асырғаны белгілі болды.

Ол үлестірушіден тапсырма алып, тыйым салынған заттарды қабылдап, қала аумағында таратумен айналысқан. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция тұрғындарды есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату деректері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары