Ақмола облысында кәсіпорыннан 4,5 млн теңге қаражат жымқырылған

Кәсіпорынның ұн жеткізумен айналысқан экспедиторлары тұтынушыларға өнім қарызға берілді деп есеп берген.

Ақмола облысында кәсіпорыннан 4,5 млн теңге қаражат жымқырылған
Polisia.kz
202

Атбасар ауданындағы жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен ірі көлемдегі қаражат ұрланған. 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында кәсіпорында 4,5 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігіне (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл іске серіктестікте экспедитор болып жұмыс істеген екі жергілікті тұрғынның қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Тергеушілер олардың ықтимал рөлін жан-жақты тексеруде.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұн жеткізумен айналысқан экспедиторлар тұтынушыларға өнім қарызға берілді деп есеп берген. Алайда тексеріс нәтижесінде есеп айырысудың іс жүзінде қолма-қол ақша арқылы жүргізілгені белгілі болды.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге кадрларды іріктеу кезінде сақтық танытып, қызметкерлердің адалдығына мұқият көңіл бөлуге кеңес береді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары