Еліміздің 9 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
- 18 ақпанда ауа сапасының нашарлауына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында болады, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.