СҚО-да Сергеев су қоймасы лық толып тұр

Топ мүшелері қауіпті деген 32 аумақта мониторинг жүргізеді.

СҚО-да Сергеев су қоймасы лық толып тұр
сурет ашық дереккөзден алынды
218

Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты 116 елді мекен қатаң бақылауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Осы орайда төтенше жағдайлар қызметі мен «Қазгидромет» мамандары еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін ауылдарға аттанды. Тасқынға қарсы дайындық кезінде жергілікті ақсақалдардың ақыл-кеңесі де назарға алынады. Яғни тасқын қауіпі бар ауылдарда қар көп жиналатын сай-салалар мен көктемде су ағып өтетін арналар анықталады.

Осылайша еріген қар суының табиғи жолдары белгіленіп, тасқынға қарсы шараларды қабылдау кезінде ескеріледі.

Топ мүшелері қауіпті деген 32 аумақта мониторинг жүргізеді. Оған қоса облыстағы Сергеев су қоймасы лық толып тұр.

«Қардың ылғалдылығын өлшеу жұмыстары әр 5 күн сайын жүргізіледі. Соңғы дерек бойынша қардың құрамындағы су мөлшері 100 мм дейін жетті. Бұл көрсеткіш облыстың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аудандарда шамадан тыс», - деді «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары Наталия Левина.

Серіктес жаңалықтары