Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары шекарадан заңсыз өтпек болған кезінде ұсталды

/
Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары шекарадан заңсыз өтпек болған кезінде ұсталды
Ғаламтор
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Т.Х.Садвақасов соттан жасырынбақ болған кезінде ұсталды.

Садвақасов Тимур Хабдуллаевичті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі ұстаған. Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол тергеу изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, Садвақасовқа алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу баптары бойынша айып тағылған.

2023 жылы шілде айында Садвақасов Т.Х. және «Обуховское» кен орнында заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісіне қатысты адвокат – Курманбаев С.Н. лауазымды тұлғалар арасындағы байланыстарын пайдалана отырып, Долгалев-қа кәсіптегі серіктестеріне қарсы қылмыстық іс қозғауды ұсынған.

Алдын-ала келісім бойынша параның бірінші бөлігі ретінде 90 млн теңге алған Садвақасов пен Курманбаев бұл қаражатты өздері иемденіп, уәде етілген міндеттемелерін орындамаған.

Қылмыстық іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына қайта қарауға жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары