Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Әзербайжанның астанасы Бакуде өткен Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды.
100 келіден жоғары салмақта сынға түскен Ерасыл қола медаль үшін өткен белдесуде жастар арасындағы әлем чемпионы, грузиялық Саба Инанеишвилимен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қос қарсыласқа да екі реттен шидо ескертуі берілді. Алайда, 5 минут 20 секундта Ерасыл қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, жеңісті өз пайдасына жазды.
Турнир барысында қазақстандық спортшы үшінші кездесуінде ресейлік Тамерлан Башаевқа жол бергенімен, жұбаныш белдесуінде түркиялық Ибрагим Татароглыны жеңіп, қола жүлдені иеленді.