Қар, боран: еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ертең ауа райы қандай болады?

Қар, боран: еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
istockphoto.com
309

Қазақстанның 10 өңірінде 16 ақпанда дауылды ескерту жарияланды.

Атырау облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында жауын-шашын (негізінен қар), күндіз жаңбыр мен қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қар, боран соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, көктайғақ болады. Таулы аудандарда қар мен боран күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында қар жауып, көктайғақ пен боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында түнде қар жауып, боран болады. Күндіз облыстың батысында аздаған қар мен боран күтіледі. Жолдарда көктайғақ сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз қар, боран және көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың батысы мен орталығында 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран, күндіз көктайғақ күтіледі. Осы аймақтарда тұман да болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде аздаған қар жауып, боран күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ болады, тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары