Ақтауда тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды

/
Ақтауда тұрғын үйден ер адамның мәйіті табылды
istockphoto.com
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.

11 ақпанда 6-шағын ауданның 24-үйіндегі бесінші қабаттың баспалдақ алаңында қозғалыссыз жатқан адам туралы тұрғындар хабарлады. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары оның тұрақты мекенжайы жоқ азамат екенін анықтады.

«Мәйітте қылмыстық белгілер жоқ, биологиялық өлім тіркелді», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары