"Қазгидромет" синоптиктері ел аумағында алдағы күндері ауа райының өзгеретінін хабарлады.
Мәлімет бойынша, еліміздің аумағына кезекті циклон жылжып келеді. Оның әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, тіпті 17 ақпанда күндізгі уақытта солтүстікте температураның оң мәндерге ауысуы күтіледі.
Алайда циклон әсерінен тек жауын-шашын мен температураның көтерілуі ғана болмайды, сонымен қатар қатты жел болады. 16 ақпанда Ақтөбе және Қостанай облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін, ал 17 ақпанда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жел күшейеді.