сенбі, 19 сәуір, 2025

Азиада-2025: Қазақстан ерлер құрамасы хоккейден чемпион атанды

/
Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.

Шайба авторлары: 

  • Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд) 
  • Дмитрий Бреус (21:02)
  • Роман Старченко (37:59) 
  • Кирилл Панюков (42:24)
  • Кирилл Панюков (44:23)
  • Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары