206
Қызылорда облысында киік мүйізін тасымалдаған тұрғын ұсталды
Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды

Қызылорда облысы Полиция департаменті Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» рейдтік іс-шарасын жүргізді.
Шара барысында жеңіл автокөлікпен киік жануарының мүйізін заңсыз тасымалдаған аудан тұрғыны ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған 34 киік мүйізі табылды.
- Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция лепартаментінен.