Павлодардың бірнеше мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мектептерге жедел қызметтер барып, объектілерді тексерді. Бірақ ештеңе табылмаған.
«Жалған ақпарат беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кім хабар бергені анықталып жатыр», - деді ішкі істер органдары.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше бірінші қоңырау сағат 10:45-те №39 мектепке түскен. Қоңырау соққан адам «балалардың шығып үлгеруі үшін 20 минут уақыты бар екенін» айтқан. Содан кейін №6, 29, 17, 18 мектептерге ж»не Шамкенов атындағы лицейге осындай қоңырау түскен.
Ұстаздар дереу 102 нөміріне қоңырау соққан. Оқушылар үйіне қайтарылып, сабақ қашықтан оқытылды.