Жамбылда жас полицей өз-өзін атып өлтірген – қылмыстық іс қозғалды

Көз жұмған полицей 2003 жылғы.

Жамбылда жас полицей өз-өзін атып өлтірген – қылмыстық іс қозғалды
istockphoto.com
Автор
Админ
236

Жамбыл облысының Жасөркен ауылында өз-өзін атып өлтірген полицейдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Объективті, жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Алдын-ала дерек бойынша 2003 жылы туған полиция қызметкері 12 ақпан күні кешкі 18:15-те Жасөркен ауылынджағы бекетте өз-өзіне оқ атқан. Оқиға орнына Полиция департаментінің басшылығы аттанған.

Серіктес жаңалықтары