Астанада тағы бір қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

/
Астанада тағы бір қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды
istockphoto.com
Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған.

Астанада "LIVEGOOD" қаржылық пирамидасын ұйымдастырудан алынған қылмыстық табысты жылыстату схемасы анықталды.

Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта күдікті биологиялық белсенді қоспаларды сатумен айналысатын желілік маркетингтің атын жамылған "LIVEGOOD" қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды.

Пирамида схемасы бинарлы жүйеге негізделген, оған сәйкес қатысушылар жаңа қатысушыларды шақыру санына байланысты әртүрлі деңгейлерде орналастырылған.

Осылайша, қаржылық пирамиданың негізгі табысын ББҚ сату емес, жаңа салымшылардың жарналары құраған.

Уәдеге сенген 6 мыңнан астам азамат деңгейіне байланысты айына 2 000 АҚШ долларына дейін бонус алуға үміт артып, "LIVEGOOD" компаниясынан ай сайынғы төлемі бар 50 АҚШ долларына жазылым сатып алған.

Заңсыз жолмен алынған қаражатқа күдікті құны 60 миллион теңгеден астам автотұрағы бар екі пәтер сатып алған, оларды заңды жолмен тапқан табысымен үйлестіріп тәркілеуден жасыру мақсатында өз атына және сенімді тұлғаларға рәсімдеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары