Астана қаласында ер адам көшедегі аялдамалардың бірінің әйнегін басымен ұрып сындырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Тәртіп бұзған азамат 7 тәулікке қамалды.
«102-ге Айтматов көшесінде белгісіз бір адамның аялдаманың әйнегін сындырғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. 49 жастағы жергілікті тұрғын мас болып, әйнекті сындырған. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, 7 тәулікке қамалды», - делінген хабарламада.