142
Қазгидромет қай өңірде ауа сапасы нашарлайтынын жариялады
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

12 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды tyrkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Атырауда, Ақтөбеде және түнде Астана қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.