Кеше түстен кейін атқа мінген ер адам шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, қайтып оралмады. Бүгін кешке туыстары көмек сұрап құтқарушыларға жүгінді, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ құтқарушылары көмекке асығып, Лепсі ауылынан 10 шақырым жерде 1987 жылы туған ер адамды тауып алды. Ер адамның екі аяғының башайлары үсіп қалған. Құтқарушылар оны Лепсі ауылдық ауруханасына жеткізді.
Жетісу облысында жоғалған малшының аяғы үсіп қалған

Жоғалған малшы табылды.