276
Астана көшесінде шағын автобус өртенді
Көлік Ұлы дала даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында жанған.

Бүгін Астанада шағын автобус өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көлік Есіл ауданында, Ұлы дала даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында жанған.
«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндірді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр», - деді Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар автокөлікті үнемі техникалық тексеруден өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Әсіресе қыс мезгілінде, көліктің электр жүйесіне түсетін жүктеме артатын уақытта, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.